15 қыр, 2020 сағат 13:44

Ана мен бала құқығын қорғау - елдік мүдде

Ана мен бала құқығын қорғау - Қазақстан үшін қашанда аса маңызды басымдықтардың бірі болып табылады. Себебі, мемлекеттің ең басты қазынасы - адам екендігі Қонституцияда анық жазылған.  Бұл тұрғыда  Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы Халыққа арнаған жолдауларында ана мен бала мәселесі назардан тыс қалған емес. Мәселен, Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»  атты Жолдауында: -Біз Қазақстан қыздарының сапалы білім алып, жақсы жұмысқа ие болуы және тәуелсіз болулары үшін барлық жағдайды жасауымыз қажет. Олар банк карточкаларына ие болуға, көлік жүргізіп, қызмет жолын қалыптастыра алуға, заманға сай болуға, сәнденуге тиіс және біздерде ешқашан киілмеген, салтымызға жат киімдерге оранып-қымтанбауға тиіс. Біздің халқымыздың өз мәдениеті, өз дәстүрі мен салты бар. Халқымыз «Қыздың жолы жіңішке» дегенге ерекше мән беріп айтады. Бойжеткен, әйел заты әрдайым біздің қоғамның тең құқылы мүшесі, ал ана - оның ең ардақты тұлғасы болды. Біз әйел затына - анаға, жарға, қызға деген қапысыз құрметті қайта оралтуға тиіспіз,- деп атап көрсеткен.   

Айта кетейік, мемлекет тарапынан бала құқығын қорғауға да айрықша мән беріліп отыр. Ол туралы Елбасы осы уақытқа дейінгі  жолдауларында «Балалар - қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі. Сондықтан олардың құқығы қорғаулы тиіс. Мен Елбасы ретінде әрбір сәбидің құқығының қорғалуын талап етемін. Біздің жерімізде туылған әр сәби-қазақстандық. Және ол сәбиді мемлекет қамқорлығына алуға тиіс» деп атап өткен  болатын.

Жалпы  елімізде Ана мен баланың құқығын қорғайтын орталықтар мен мекемелер көп. Алғаш рет осыдан 14 жыл бұрын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің жанынан балалар құқығын қорғау жөніндегі Комитет құрылған болатын. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасы кризистік орталықтар одағы» деп аталатын мекеме бар. Аталған мекеменің республиканың 11 өңірінде 18 ұйымы жұмыс істейді. Аталған одақтың міндеті – ана мен баланың құқығын қорғау. Яғни, ол жерде 150 номері арқылы балаларға көмек көрсетілсе, 1415 номері арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдерге қолдау білдіріледі. Сонымен қатар, адам саудасы қылмысының алдын алу үшін 11616 номеріндегі сенім телефондары жұмыс істейді.  Осыдан он екі жыл бұрын республиканың барлық өңірінде балалар құқығын қорғайтын және оларға заңдық, психологиялық, ақпараттық тұрғыдан көмек көрсетіп, қолдау білдіретін Департамент құрылған болатын. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасы бала құқықтары жөніндегі тағайындалған уәкіл де ана мен баланың құқығын қорғауға атсалысып, оларға қызмет көрсетуге даяр. Бүгінде еліміздегі балалар омбудсмені Аружан Саин нәтижелі жұмыстар жасап келеді. Аналардың сапалы білім алып, түрлі салада қызмет жасап, мансаптық тұрғыда көтерілуіне, балалардың тегін білім алу құқығын ешкім де шектей алмайды.

Еліміздегі ең  іргелі  «Nur Otan» партиясы  ана мен бала құқығын қамтамасыз ету саласында  біраз игілікті істер атқарып келе жатыр.  Мысалы, партияның «Бақытты отбасы» жалпыұлттық жобасының басты басымдығы балалар құқығын қорғау болып табылады. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін партия жанынан отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес құрылып  және «Жол картасы» әзірленген. Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес бірқатар заңдарға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар жасады. 2019 жылы қоғамдық кеңесте 220-дан астам елді мекендердегі 1350-ден астам мекемелер тексерілді; қоғамды балаларға мұқият болуға шақыру;  балалар құқықтарын қорғауды шешудегі өзекті мәселелер мен тетіктер қарастырылды.

Сонымен қатар, елімізде ерекше қажетіліктері бар балаларды оқытатын  медициналық әлеуметтік мекемелер проблемасын да «Nur Otan» партиясы жанындағы қоғамдық кеңес көтерді. Мемлекеттік органдар басшылығының қатысуымен өңірлердегі кеңестің жұмыс қорытындылары туралы партиялық тыңдауларда медициналық әлеуметтік мекемелер  мәселесі талқыланды:  біріншіден,  балам күтімінің сапасы, балаларды дамытудың жеке жоспарларын іске асыру, күнделікті режимді сақтау, емдеу мен оңалту сапасы, партияның сайтында материалдық-техникалық жабдықталу деңгейі, камералардың орнатылуы және оларды басшылықтың қадағалауы, қызметкерлердің жалақысы, бір жұмыскерге шаққандағы жүктеме нормативтері, осы мекемелердегі жұмыстың ашықтығы, жұмыс тобының аймақтардағы жұмыс қорытындысы бойынша маңызды мәселелер министрліктерге жіберілді.  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, көптеген аймақтардан қабылданған шаралар бойынша мүгедектер арбалары мен  кереуеттерді жаңарту,  камералар орнату және  жақсарту туралы есептер келіп түсуде. 

ҚР ЕХӘҚМ 1 қаңтардан бастап қызметкерлерінің жалақы деңгейін көтерді, бірақ көмек көрсету сапасын қалай жақсарту керек мәселесі ашық қалды, сондықтан  Тұңғыш Президент қорының қолдауымен Unicef  2020 жылдың аяғына дейін барлық медициналық әлеуметтік мекемелер мамандарына балаларға дұрыс күтім жасауды үйрететін  оқыту мен сертификаттауды ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. 

«Нұр Отан» партиясы жанындағы отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес төрайымы  Динара Закиеваның айтуынша  «Жақын арада Шығыс Қазақстанда болған оқиға байланысты балалар күтіміне байланысты аталған мекемелердің жұмыс сапасына бақылау күшейтілді. Сондықтан мамандарды оқыту аса қажет. Азық-түлік өнімдерінен балалардың тамақ өнімдерін шынымен алғандығын анықтау және дәлелдеу өте қиын. Ол үшін үнемі камераларды бақылау, бақылаушы бөлім басшылығының мекемеге келуі қажет. Сондықтан біз бейнебақылау камераларын мекемелердің директорлары мен облыстық әлеуметтік қорғау департаменті басшылығының ресми міндеттеріне енгізуді ұсындық, өйткені бұл біздің өңірлерде жұмыс істеген кезде пайда болды, тіпті директорлар жазбаларды бірінші рет қарап шықты. Сондықтан хаттаманың барлық аймақтарға оқуға жіберілгендігін ескере отырып, департамент басшылығы медициналық әлеуметтік мекемелерде болған жағдайға қатысты барлық адамдарды жауапқа тартуға және тиісті бақылаудың болмауына тікелей жауапты деп санаймыз. Түркістан аймағындағы медициналық әлеуметтік мекемелер мәселесі әлеуметтік желілерде де көтерілді. Осы мекеме үшін қоғамдық кеңес бір ай бойы облыстың әлеуметтік қорғау департаментінің басшысымен жұмыс істеді. Аймақтық комиссия құрылды. Қазіргі уақытта инвентаризация жүргізіліп, логистика саласында қажеттінің бәрін қамтамасыз етуге өтінімдер жасалуда» - деп атап өтті.  

2019 жылғы жағдай бойынша елдегі медициналық әлеуметтік қызмет жүйесі мыналарды қамтиды:

- тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған стационарлық типтегі арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну бойынша төрт орталықтағы 166 бала (2-Шығыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Түркістан облысы);

- Психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға арналған стационарлық типтегі арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну бойынша 16 орталықтағы 1713 бала (Ақмола, Алматы, Атырау, 2-Шығыс Қазақстан облысы, БҚО, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Нұр-Сұлтан , Алматы, Шымкент).

Сонымен, «Nur Otan» партиясы  жанындағы отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес осындай сауабы жоғары істерді жүзеге асырып келеді

Бүгінгі таңда,  Қазақстанның сайлау жүйесінде тұңғыш рет  «Nur Otan» партиясы  енгізіп жатқан праймеризде ана құқықтарына басымдық беріліп отыр. Праймериз  елімізде белсенділігі жоғары әйел адамдар үшін «әлеуметтік лифт» болып партияішілік іріктеуден өтуге зор мүмкіндік, себебі Мәжіліс Парламентіндегі әйел депуттаттардың үлесі 27 пайыз және маслихатта 22 пайызды құрайды, алайда  2018 жылғы БҰҰ даму бағдарламасы бойынша есебінде Қазақстан гендерлік даму индексі бойынша әлемнің 160 елінің арасында 58-орынға тұрақтады. Биыл 22 сәуірде ҚР Парламент Мәжілісінде мемлекетте саяси процеске әйелдер мен жастардың белсенді қатысуы туралы заң жобасы мақұлданып, енді партиялық сайлау тізімінде 30 пайыз квота міндетті түрде әйелдер мен жастарға берілетін болады. Жалпы праймеризге тіркелген үміткерлер ішінде, 36,9 % әйел адамдар, ең белсенді Шығыс Қазақстан облсының әйелдері болып тұр. Болашақта Мәжіліс пен маслихатқа өтетін әйел адамдардың үлесі артса, елімізде  ана мен бала құқығы мәселесі кеңінен қарастырылатып дамитыны даусыз!  

Тулебаева М.К.

 саясаттанушы