02 нау, 2022 сағат 19:00

«AMANAT» партиясы қайта тіркеуден өтті


«AMANAT» партиясы мемлекеттік қайта тіркеуден өтті, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

"Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға толық сәйкес келеді. Қайта тіркеу "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" заңға және Қазақстанның басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізілді", - делінген хабарламада.

«AMANAT» партиясы атап өткендей, қазіргі уақытта тиісті брендбук дайындалып жатыр.

Сондай-ақ, партияның ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарын визуалды түрде жаңарту жұмыстары жүргізілуде.