09 нау, 2022 сағат 17:11

«AMANAT» партиясы Атқарушы хатшысының кеңесшісі тағайындалды


Әбутәліп Мүтәлі «AMANAT» партиясы атқарушы хатшысының кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" партия сайтына сілтеме жасап.

"Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Әбутәліп Мүтәлі «AMANAT» партиясы атқарушы хатшысының кеңесшісі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол «Ашық партия» бірыңғай тұжырымдамасы аясында цифрландыру, мобильді қосымша құру және басқа да жобаларға жетекшілік етеді.

Әбутәліп Мүтәлі - Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. «Болашақ» бағдарламасының түлегі. The Pennsylvania State University (АҚШ) бітірген.

Ол – интеграциялық платформаларды құрумен айналысатын және мобильді қосымшаларды әзірлейтін Bolashak Engineering компаниясының негізін қалаушылардың бірі.