Алматыда мемлекет қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлына арналған ас беріліп, ауқымды көлемде еске алу кеші өтті. Одан бөлек, Ұлттық кітапханада ғылыми конференция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қоғам қайраткері, марқұм Алтынбек Сәрсенбаевтың 60 жасқа толуына орай Алматыда бірнеше іс-шара өтті. Ұлттық кітапхана ғимаратында ғылыми конференция ұйымдастырылып, артынша "Қазақстан" қонақ үйінің үлкен мейрамханасында ас берілді.
Сондай-ақ, "Алатау" дәстүрлі өнер театрында еске алу кеші өтті.