17 ақп, 2020 сағат 10:33

Алшанов: Бейбіт жиналыстар туралы жаңа заңнамада ортақ көзқарастар қамтылғаны дұрыс

Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» заң жобасына қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бәріміз бұл мәселенің өзектілігін білеміз. Біздің елімізде көп нәрсе жасалды, дегенмен, саяси мәдениетке қатысты мәселелер бар. Жамбыл облысы Қордай ауданында болған қайғылы оқиғалар, өкінішке қарай, мәдениеттің және саяси диалогтың аздығы жағдайдың кейде мүлде басқа бағытқа ауысатынын көрсетеді. Барлық азаматтардың мүдделеріне жауап беретін сенімді заң шығару керек, әрине, барлығының көңілінен шығу қиын, бірақ ымыраға келіп, бірыңғай көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді», - деді Рахман Алшанов Алматыда Қоғамдық кеңес отырысында.