Алматының айырбастау пунктерінде доллар орташа алғанда 501, 17 теңгеден сатылып жатыр. Бұл 25 ақпан, жұма күнгі бағадан 50 теңгеге жоғары.
Kurs.kz мәліметінше, Алматының айырбастау пунктері долларды 500-502 теңгеден сатып, 495-497 теңгеден сатып алып жатыр.
Нұр-Сұлтан қаласының айырбастау пунктері әзірге шетелдік валютаны сатуды тоқтатты, долларды олар 490-492 теңгеден сатып алып жатыр.
Бұл да 25 ақпан, жұма күнгі бағамнан біршама жоғары. Сол кезде айырбастау пунктері долларды 457-460 теңгеден сатып алып, 462-463 теңгеден сатқан еді.