24 шіл, 2023 сағат 12:44

Алматылық қыз бұрынғы жігіті үнемі аңдып жүріп ұрып-соғатынына шағымданды

Жәбірленуші ұсынған сурет

Алматы тұрғыны бұрынғы жігіті ұрып-соғып, аңдып жүргенін айтып шағымданды. Оның айтуынша, ол арнайы қызметте жұмыс істеген, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы.

"Мені бұрынғы жігітім ұрды, арыз жаздым, сосын әкемді ұрып кетті, өзі жоғарыда отырған ағаларының тасасында жүр, бұл қызметкер туралы бәрі білсін, бұл бірінші рет ұрып-соғуы емес, мені жиі қорқытып-үркітеді, көмектесуді сұраймын", - деп жазды Тоғжан.

Қыз оқиғаның мән-жайын айтып берді. Оның айтуынша, ол бұрынғы ғашығымен жарты жыл кездескен. Ол 2023 жылдың қаңтарынан бастап жүйелі түрде ұрып-соққанын айтады.

"Ол мені бүгінге дейін жеті рет ұрды, содан кейін онымен ажырасып кеттік, ол мені маньяк сияқты аңди бастады, жолда ұстап алып, ұрып-соғады, жұмысқа және үйге келеді, барық жерім көгерген, ісіген, қан, бұған дейін мен одан қорқып, полицияға барған жоқпын. 16 маусымда сағат 22:30 Сайн-Асқаров автотұрағында мені тағы ұрды. Ол менің бетімнен ұрып, аяғымнан тепті, бұдан тіпті бұтыма жіберіп қойдым, содан кейін мені пәтерге апарды, сол жерде тағы ұрды және мені өз еркімнен тыс заңсыз ұстады, екі сағат бойы жібермеді. Мен өз өмірім үшін қорқамын!", - деп жазды жәбірленуші.




Суретті жәбірленуші қыз ұсынған

Қыздың айтуынша, бұрынғы жігіті 18 маусымда әкесін қан-жоса қылып ұрып-соққан.

"Ол үнемі өз өкілетін пайдаланады, ағалары - генерал және судья, жоғары лауазымды адамдармен бәрін шешемін деп қорқытады. Ол мені тұрған жерім бойынша тауып алады, хабарламаларымды оқиды, жүрген жерімнен ұстап алады", - дейді Тоғжан.

Кезекті ұрып-соғу оқиғасынан кейін қыз полицияға арыз жазған.

Қызды соққыға жығу ісі Алматы қаласының әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-1 бабы "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бойынша қаралғаны белгілі болды. 3 шілдеде Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысы бойынша, қыздың уақытша еңбекке жарамсыз болуына әкеліп соққан жеңіл дене жарақатын келтірген ер адамға 15 АЕК (51 750 теңге) көлемінде айыппұл салынған.