Алматыда сыйымдылығы үлкен 10 қоғамдық көлік 12 бағыт бойынша жүретін болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Алматыэлектротранс» ЖШС «Zhongtong» маркалы жаңа автобустардың алғашқы легін сатып алды. Жақын күндері, мемлекеттік тіркеуден және сынақтан өтеді. Содан кейін № 12 қоғамдық көлік жолаушы тасымалдауға шығады. Атап айтсақ, «Қазақстан» қонақүйінен (Достық даңғылының бұрышы – Құрманғазы көшесі) Медеу мұз айдынын қатынайтын болады. Автобус табиғи газбен (CNG) жүреді. Қоғамдық көлікке ауабаптағыш пен бейнебақылау орнатылған.
Тасымалдаушы компанияның хабарлауынша, автобустар арнайы қалалық жолаушылар тасымалы үшін жасалған.
Автобустың сыйымдылығы - 104 адам, 22 отыратын орын және қимылы шектеулі жолаушылар үшін 3 орын бар.
Содай-ақ, «Алматыэлектротранс» ЖШС әуежай мен қаланың ықшамаудандарын байланыстыратын № 92 бағыттағы көліктерді жаңартуды жоспарлап отыр.
Бұған дейін, Алматыда жаңа №105 бағыт бойынша жүретін автобус туралы хабарланған болатын.