14 нау, 2020 сағат 15:22

Алматыға Мәскеуден ұшып келген жолаушы коронавирусты ұлынан жұқтыруы мүмкін

Алматыға Мәскеуден ұшып келген жолаушы коронавирусты ұлынан жұқтыруы мүмкін. Бұл туралы Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алматыдағы төртінші науқас Мәскеуден ұшып келген Қазақстан азаматы. Оның айтуынша, коронавирусты ұлынан жұқтыруы мүмкін. Себебі ол Мәскеуде Италиядан келген ұлымен кездескен. Ал, баласы коронавирус инфекциясын Италиядан Мәскеуге әкелген тасымалдаушылардың бірі болды. Науқас бұл туралы бізге хабарлаған жоқ. Кеше кешкісін алматылық бір азамат бізге жүгінді, одан тест алынды.Таңертең оң нәтижие көрсеткенін анықтадық. Бірден ауруханаға жатқыздық. Ол әйелімен тұрады. Әйелі де оқшауланды. Тест нәтижесі шыққан соң бәрі белгілі болады», - деді Тілеухан Әбілдаев.

Бүгін тағы екі қазақстандықтан инфекция анықталғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Олардың бірі - алматылық кәсіпкер. Ол Алматыға Мәскеуден 10 наурызда ұшып келген.