Фото: Алматы әкімдігі
2026 жылы Алматыда қалалық музейлер бірлестігі құрамына енетін заманауи «Райымбек батыр» музейлік-мемориалдық кешені ашылады, деп хабарлайды Ult.kz.
Кешен Райымбек батырдың өмірі мен ерлігі заманауи форматта таныстырылатын музей кеңістігіне айналады. Жобада ескерткіш орнату, интерактивті көрме қойылған экспозициялық залдар, сондай-ақ дәрістер мен шебердің сабағына арналған білім беру және мәдени алаңдар қарастырылған.
Сонымен қатар келушілер VR-турлар арқылы шайқастарға «қатыса» алады. Бұл үшін виртуалды және мультимедиялық жобалар әзірленеді.
Сондай-ақ, «Observatorium» музейі ашылады. Ол ғылымды, астрономияны және технологияны насихаттауға арналады. Келушілер интерактивті экспозиция арқылы ғарышты зерттеп, ғылыми тәжірибе жүргізіп, арнайы телескоп аймағында жұлдызды аспанды бақылай алады. Сонымен бірге музейде жасанды интеллект енгізу, VR-жоба іске қосу және робот-гид қызметін пайдалану жоспарланған.
