08 ақп, 2024 сағат 14:09

Алматыдағы лай көшкіні: үйінді астында қалған барлық адамның денесі табылды

Алматыдағы лай көшкінінен қаза тапқан барлық төрт адамның денесі табылды, деп хабарлайды “Ұлт ақпарат”.


Оқиға орнында құтқарушылар 1984 жылы туған ер адамның, 1980 жылы туған әйелдің және 2007 жылы туған екі бозбаланың делерін тауып алып шықты. 


ТЖМ психологтары туыстары мен көршілеріне шұғыл психологиялық көмек көрсететіні айтылады. 


Бұған дейін көршілері қираған үйде төрт адам өмір сүргенін, олардың екеуі ересек, ал екеуі егіз бала екенін мәлім еткен.


Айта кетейік, 8 ақпанда сағат 02.20-да Алматы қаласы Медеу ауданының Тау-Самал шағын ауданында алдын ала ақпарат бойынша техногендік сипаттағы топырақтың ылғалдануынан лай көшкіні түскен болатын.