Фото: pexels.com
Алматыда Әскери институт аумағында әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ақпарат 2024 жылдың 13 қыркүйегінде әлеуметтік желілерде пайда болған. Қаланың Түрксіб ауданында ҚР Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерлері Әскери институтының аумағында 44 жастағы 3-классты сержант, инженерлік кафедра зертханасының бастығы өз-өзіне қол жұмсады.
Ақпаратты институт өкілдері растаған.
"Биылғы 12 қыркүйекте Құрлық әскерлері Әскери институтының инженерлік қалашығының аумағынан 1980 ж.т. келісімшарт бойынша әскери қызметшінің денесі табылды. Алдын ала себеппен, әскери қызметші асылып қалу жолымен өзіне қол жұмсады. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Себептері мен жағдайлары анықталуда. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Құрлық әскерлері Әскери институтының баспасөз қызметі өкілдері.