19 нау, 2020 сағат 12:15

Алматыдағы ХҚКО қызметкерлері дәрігерлердің челленджін жалғастырып әкетті

Алматы қаласындағы ХҚКО қызметкерлері ерекше челленджді жалғастырды. Олар мемлекеттік қызметтерді үйде қалып, онлайн алуға кеңес берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мен сіз үшін жұмысқа шықтым. Сіз мен және өзіңіз үшін қызметті үйден онлайн алыңыз!». 

Әлеуметтік желіде ХҚКО қызметкерлерінің суреті жарияланды. 

Олар алматылық дәрігерлердің челленджін қолдап, қала тұрғындарын үйден шықпай мемлекеттік қызметті онлайн алуға кеңес берді. Сонымен қатар, адам көп шоғырланған жерлерге бармауға шақырды.

 

Айта кету керек, мұндай акцияны қазақстандық дәрігерлер бастаған болатын. Алматының сыртында тұратын дәрігерлер тәулік бойғы кезекшілікке шыққандықтан үйлеріне қайтпайтын болды.