20 нау, 2020 сағат 12:28

Алматыдағы блок-бекеттер: Полиция тасжолдан тыс жолдарды да бекітті

Алматы полициясы блок-бекеттерден тыс шағын көшелер арқылы қалаға кіріп-шығатын жолдарды анықтап, бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы онлайн-брифингте қалалық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев айтты. 

«Бір тәуліктегі жұмысты қорытындылай келе полиция қалаға кіріп-шығуға мүмкіндік беретін қуыс жолдар бар екенін анықтады. Сол учаскелерге қосымша патруль бөлетін болдық. Осындай жолдардың барлығы анықталып, жабылды», - деді Жандос Мұраталиев.

Айта кету керек, Алматы қаласы 19 наурыздан бастап карантинге жабылды. Қазір аса қажеттілік болмаған жағдайда қалаға жеке көлікпен кіріп-шығуға тыйым салынған. 

22 наурыздан бастап бұл шектеу авиа және темір жол қатынасына да қойылады.