City Bus ЖШС өкілі апатқа ұшыраған №98 автобус жүргізушісінің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
Автопарк директоры Егор Жигловтың айтуынша, азамат басынан жараланып, ауруханаға түскен.
"Жүргізуші қазір нейрохирургияда жатыр. Оның миы шайқалған, жағдайы тұрақты", - деді Жиглов.
№98 автобустың жүргізушісі 35 жаста екені белгілі болды. Автопарк өкілінің айтуынша, жүргізуші 2022 жылдың мамырынан бері жұмыс істейді. Қазір оған қатысты тергеу жүріп жатыр.
"2012 жылдан бергі тәжірибесі бар. Жүргізушінің сипаттамасы жақсы болды, ол бұрын мұндай оқиғаларға қатыспаған. Қазір ол әлі де шок жағдайында, ештеңе есінде жоқ және сөйлемейді. Уақытша есін жоғалқан", - деді тасымалдаушы компания директоры Егор Жиглов.
Еске салайық, жол апаты Төле би көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында болған. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, 17 адам ауруханаға жеткізілген, және бір адам медициналық көмектен бас тартқан.
Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегін тексеріп жатқан Алматы қалалық ПД анықтау басқармасы мәліметінше, ЖКО сызбасына және бейнебақылау жүйелерінің талдауына сәйкес, сағат 14:05-те жеке тасымалдаушылардың біріне тиесілі "МАЗ-203069" қоғамдық көлігінің жүргізушісі 1987 жылы туған А. есімді ер адам, Абылай хан даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатып, Төле би даңғылының қиылысында бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кетіп, Төле би даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан "GOLDEN DRAGON XML6125CN" маркалы қоғамдық көлікпен соқтығысқан.
Бұл дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды.