Фото: ©РИА Новости
Алматы қаласындағы ауруханада науқастардың адамның иммундық тапшылық вирусын (АИТВ/ВИЧ) жұқтырып алуына байланысты эпидемиологиялық тергеу нәтижесі келесі аптада белгілі болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.
«Комиссия келесі аптада жұмысын аяқтап, бәрін білетін боламыз. Әзірше олар жұмыс істеп жатыр. Комиссия жұмысын аяқтай салысымен толық анықтама дайындап, оны әкімдік пен Денсаулық сақтау министрлігіне ресми ұсынады», - деді Ажар Ғиният Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның атап өтуінше, дәрігерлік құпия туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тергеу жүріп жатқан уақытта пациенттердің келісімінсіз олармен кездесуге ешкімнің құқы жоқ.
«Дәрігерлік құпия бар. Пациенттің келісімімен ғана болады. Олардың кездесуге ниеті жоқ», - деді министр.
Бұған дейін Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасында жатқан 3 науқастан АИТВ анықталғанын жазған едік.