Фото: flectone.ru
Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің мүлкін заңсыз иеліктен шығару фактісін анықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
1997 жылы Жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитет оқу корпусы ғимаратының бiр бөлiгiн 196 000 теңгеге заңсыз сатқан. Сол жылы 62 000 теңгеге 26 сотық жер телімі де заңсыз сатылған.
Жоғары оқу орны ғимараты республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштері қатарына жатады. Ал жер учаскесінде қаланың ең ескі сәулет құрылыстарының бірі – "Ескі қақпа" орналасқан.Кейіннен университет ғимаратында "Ескі қақпа" атты мейрамхана ойын-сауық мекемесі ұйымдастырылған.
Медеу ауданының прокуратурасы жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерінің күшін жою туралы сотқа шағым түсірді.
Сот шешімімен қадағалау органының талап арызы қанағаттандырылып, мүлік қайтарылды, шешім заңды күшіне енді.