04 мау, 2021 сағат 22:38

Алматыда жалға алынған көлікті сатпақ болған ер адам ұсталды


Алматыда жалға алынған көлікті сатпақ болған жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қалалық Полиция департаменті мәлім еткендей, 25 жастағы Н.есімді азамат «Toyota Land Cruiser 200» көлігін жалға алып, оны сайт арқылы сатпақ болған. 

«Хабарландыру көлік бағасының нарықтан екі есе төмен сұрауымен назар аудартты. Күдікті біреудің көлігін тез сатуды көздеген. Арзан баға сұраған көлікті сатып алушы да табылған. Ол күдіктінің құжаттарды жоғалғаннан кейін қалпына келтіруге болады деген сөзіне сенген. Мұндай құқық бұзушылық ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша тергеледі», - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілхайыр. 

Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.