Алматы тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнеске келтірілген залалды өтеу бойынша жұмыс басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев шағын және орта бизнеске террористік әрекеттер барысында келтірілген залалды өтеу, оның салдарын жою және қаланың тыныс-тіршілігін жедел қалпына келтіру бойынша жұмысты ұйымдастырды.
Қоғамдық көлік, сауда объектілері, базарлар, кәсіпорындар қызметі жолға қойылуда, жол инфрақұрылымы қалпына келтірілуде.
«Open Almaty» қоғамдық қабылдау базасында тәртіпсіздіктерден зардап шеккен шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне келтірілген залалды өтеу мәселелері бойынша жедел желі іске қосылды:
1308 (ұялы телефондар үшін) және +7 (727) 338-33-88
Бүгінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, аумақтық департаменттермен және басқа да ұйымдармен бірлесіп шағын және орта бизнеске келтірілген залалды бағалау бойынша қалалық және аудандық комиссиялар құрылды.
Аудандық әкімдіктер мен Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының байланыс телефондары:
Алатау ауданы – Белгібаев Олжас Талғатұлы 8 701 7779986
Алмалы ауданы – Хайруллин Ерден Рашидұлы 8 775 5555718
Әуезов ауданы – Кенеев Ренат Бақдәулетұлы 8 708 6340056
Бостандық ауданы – Садуақасова Жанар Сейітжанқызы 8 701 5019990
Жетісу ауданы – Әкежанов Дамир Нұрсұлтанұлы 8 705 7778130, 8 776 2222870
Медеу ауданы – Солтанбаев Берік Бекмырзаұлы 8 705 4444060
Наурызбай ауданы – Дандыбаев Бағлан Ерболұлы 8 701 9594439
Түрксіб ауданы – Лебаев Наиль Мұратжанұлы 8 702 1809007
Алматы қаласының Кәсіпкерлер Палатасы – Насамбаев Әскербек Жалдыбайұлы 8 701 2422947