Фото:gov.kz
Алматы ҰҚКД бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен Алматы ҰҚКД-ның бұрынғы басшысы билік және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі).
"Сот үкімімен М. 10 жылға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан, сондай-ақ ҰҚК генерал-майоры арнайы атағынан айырылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды" - делінген Алматы сотының хабарламасында.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.