Сурет: kaztag.kz
Алматыда TikTok-та онлайн бәс тігу арқылы құмар ойындар ұйымдастырғандар сотталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, бұған дейін ҚМА Алматы қаласы бойынша Департаменті әлеуметтік желіде құмар ойындарды тарату бойынша қызметтің жолын кескен болатын.
"Тергеу барысында азаматтардың 4 ай бойы ірі мөлшерде, шамамен 13 млн теңгеге жуық сомада табысқа кенелткен стримдар ұйымдастырғаны дәлелденді.
Бұл екі адам кінәлі деп танылып, оларға 1,5 жылға бас бостандығын шектеу үкімі шығарылды.
Заңсыз ойын бизнесі саласындағы дәл осындай құқық бұзушылықтар үшін аса ірі мөлшерде, яғни 19 млн теңгеден астам табыс тапқан төрт адамға сот 4 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды" - делінген хабарламада.