Алматыда тапа-тал түсте жас қыздың ұялы телефонын тартып алған жігіт ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бұрын хабарлағанымыздай бұл қылмысты ашу үшін тергеу-жедел тобы құрылған болатын. Біз шабуылдаушының кім екенін тез анықтадық, алайда оны ұстау үшін біраз уақыт қажет болды. Бүгін қалалық криминалдық полицияның көмегімен ұстадық. Ол - 2003 жылы туған К. есімді тұрғын. Күдікті өз кінәсін толығымен мойындап, ұялы телефонды сатып жібергенін айтты. Қазіргі уақытта, заттай айғақтың қайда екенін анықтау бойынша іс-шаралар кешені жүргізілуде», - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қылмыстық іс бойынша ҚР ҚК-нің 191 бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.