10 қаң, 2023 сағат 10:10

Алматыда "олигархтардың балалары" бастаған төбелес тергеліп жатыр


видео кадры

Алматыда "олигархтардың балалары" бастаған төбелес тергеліп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ІІМ телеграм-каналына сілтеме жасап.

"Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Төбелеске қатысушылар анықталды және олардан жауап алынды.

Қақтығысқа қатысушылардың алған жарақаттары мен қылмыстың ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Қылмыстық істі Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу бөлімі жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде Алматыдағы караоке-барлардың бірінде болған төбелестің видеосы тарады. Желі қолданушыларының айтуынша, төбелеске себепші болғандар - Қазақстандағы танымал бизнесмендердің ұлдары мен олардың оққағарлары.