Алматыда көшенің ортасында қызды тонап кеткен ер адам видеоға түсіп қалды.
Видео Instagram желісінде пайда болды.
«Бүгін таңертең сағат 9:31-де Айвазовский көшесіндегі жеке секторда бір қызды тонап кетті», - деп жазды желі қолданушы.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне ҚР Қылмыстық кодексінің 191-ші бабы бойынша тіркелді.
«Қылмыс бүгін таңертең жеке секторда болды. Жедел - тергеу тобы құрылды. Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басын анықтауға және оны ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде. Сонымен қатар бейнебақылау камераларынан алынған мәліметтер мұқият зерттеледі», - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.