Алматыда барлардың біріндегі кешке қонақ боп қатысқан қызды балағаттаған стендапер өз қылығы үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Видеоны Алматы қалалық полициясы өкілдері жариялады.
"Алматы қаласының полиция Департаменті, Медеу аудандық полиция Басқармасымен 2000 жылы туған Т. есімді азамат ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлайды.
Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен ол кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды", - делінген хабарламада.
Полиция өкілдерінің мәліметінше, тұрғынның жасы 22-де.