20 нау, 2020 сағат 12:50

Алматыда коронавирус жұқтырған 2 жасар қыздың жағдайы орташа ауыр – дәрігерлер

Алматы дәрігерлері коронавирус жұқтырған балалардың жағдайын нақтылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының хабарлауынша, қазір екі адамның жағдайын дәрігерлер орташа ауыр деп бағалап отыр.

«Мұның алдында айтқан орта жастағы ер адамның жағдайы әлі де орташа. Оның бұған дейін де өкпесінде созылмалы обстурктивті бронхит кеселі болған. Ал 2018 жылы туған қыз балада жөтел бар. Жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Жалпы басқа науқастардың денсаулығында жақсару бар. Олардың дене қызуы түскен», - деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, қазір Алматыда коронавирус жұқтырған 22 пациент ем қабылдап жатыр. Оның біреуінің жағдайы өкпесінде созылмалы өзгеріс болғандықтан ауырлағанын хабарлаған болатынбыз.