31 там, 2025 сағат 12:28

Алматыда Конституция күніне арналған мерекелік концерт өтті


Фото: kazgazeta.kz


Алматының Абай алаңында Конституциясының 30 жылдығына арналған төрт сағаттық концерт ұйымдастырылды. Іс-шара Мемлекеттік әнұранмен басталып, алаңды қуаныш пен бірлік рухына бөледі.


 Концерт алаңына түрлі буын өкілдері жиналды – ата-әжелер немерелерімен, ата-аналар балаларымен, жастар достарымен келіп, қуанышқа бөленді. Мыңдаған көрермен әншілердің әуеніне қосылып, әрбір өнерді ыстық ықыласпен қолдады.


Сахна төрінде халық әртістері, домбырашылар, этно-ансамбльдер мен эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Олардың қатарында Роза Рымбаева, Тамара Асар, Жанар Айжанова, Әли Оқапов, Temirlan & Yernat, «МузАрт Life» тобы және басқа да белгілі әншілер болды. Көрермендерге ерекше тарту ретінде «Алматы – махаббатым» атты театрландырылған қойылым ұсынылды.


 Кештің хедлайнерлері Yenlik пен Қайрат Нұртас болды. Концерт 10 мыңнан астам көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, зор қошеметпен аяқталды.