Желіде блогер Гузель Калиеваның көлік жүргізіп келе жатып ішімдік ішкен видеосы тарады. Бұл дерек бойынша Алматы қаласы ПД түсініктеме берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
"Дерек әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталды. Жергілікті полиция қызметі басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізді. 1992 жылы туған К. есімді азаматша анықталып, ол видеоның үш күн бұрын түсірілгенін түсіндірді. Әйел мартини бөтелкесіне су құйып алғанын айтты. Ол ұсталған кезде сау болған. Сонымен қатар К. есімді азаматшаға қатысты көлік құралын қауіпсіздік белбеуін тақпай басқарғаны үшін ҚР ӘҚбтК-нің 593-бабы 2-бөлігімен көзделген құқықбұзушылық дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деді полиция өкілдері.