15 шіл, 2024 сағат 15:56

Алматыда қоқысты сұрыптау кезінде жаңа туған нәрестенің денесі табылды


Алматыда қоқыс сұрыптау кезінде жаңа туған сәбидің денесі табылды. Ол қоқыс дорбасына оралған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

14 шілдеде "Green Recycle" ЖШС зауытында қоқыс сұрыптау кезінде конвейер желісінде зауыт жұмысшылары қоқыс дорбасына оралған баланың денесін тапты.

Алматы полиция департаменті фактіні растады.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баланың анасының жеке басы және басқа да мән-жайлары анықталып жатыр", – делінген хабарламада.