08 мау, 2021 сағат 16:50

Алматыда блогер аяусыз соққыға жығылды


Алматыда белгісіз біреулер блогер Валерий Кудрявцевті соққыға жығып, тонап кетті.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Біз тәртіп болмайынша қалыпты өмір сүре алмаймыз. Мені соққыға жығып, тонап кетті.... Тура театрдың алдында!" - деп жазды ол.

Ақпаратты Алматы қаласының полиция департаменті растады. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы «Қарақшылық» бойынша тіркелді. 

«Тергеу-жедел тобы құрылды. Қазіргі уақытта шабуылдаушылардың жеке басын анықтауға және оларды ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені қолға алынды. Сондай-ақ, бейнебақылау камераларындағы деректерді жедел уәкілдер мұқият зерттейтін болады»,- деп мәлім етті Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, блогер Валерий Кудрявцев басқа блогерлермен бірігіп жағдайларға шағымданатын әртүрлі кейіпкерлерді видеоға түсіріп, насихаттайды. Олар Қазақстанның қалаларын аралап, ондағы проблемаларды көрсетеді.