Фото: Polisia.kz
Алматы полицейлері бес жезөкшелер үйін анықтады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мәліметінше, жезөкшелікпен айналысатын орындар, сондай-ақ адам саудасына қатысты басқа да заңбұзушылықтар республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықталған. Жедел және арнайы іс-шаралар Алматы прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілген.
"Жыныстық эксплуатацияның алдын алу мақсатында ойын-сауық мекемелерінде, монша кешендерінде, сауналарда, қонақүйлерде жедел алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылды. ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша қылмыстық істерді тіркеуге негіз болған жеңгетайлық пен жезөкшелікпен айналысудың 5 дерегі анықталды.
Сонымен қатар, арнайы іс-шара барысында жаңа туған нәрестені сату әрекетінің жолы кесілді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігі бойынша тергеліп жатыр. Сондай-ақ, емдік массаж жасайтын орынның кейпін жамылып, интимдік қызмет көрсетумен айналысқан екі массаж салонының заңсыз әрекеті анықталды", – деді Алматы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.
видео: Polisia.kz