24 сәу, 2024 сағат 15:34

Алматыда белгісіз біреулер халық көп жиналатын жерде өткір иісті баллон шашқан


Фото: Видеодан кадр/egovpress


Алматыда белгісіз біреулер халық көп жиналатын Арбатқа көз ашытатын өткір иісті бұрышты баллонды шашып жіберген.


Бұл туралы ақпарат Telegram-арналардың бірінде пайда болды.


Бейнежазбадан адамдардың тұншығып, жөтеліп жатқанын көруге болады. 


Қалалық Полиция департаменті аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.


«Қоғамдық орында бұрыш баллонды шашқан бұзақының кім екені анықталып жатыр. Ол міндетті түрде жауапқа тартылады», - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.