Алматыда жасөспірімдердің қолынан ұялы телефонды тартып алып кеткен жігіт ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 22 жастағы Н. есімді ер адам 12-15 жас аралығындағы балалардың телефонын тартып алған. Ол кәмелетке толмағандардың қасына келіп, бір рет қоңырау шалу үшін телефонды сұрап, содан кейін қашып кеткен.
«Бұрын сотталмаған жас жігіт өзінің әрекетін ақшаның жетіспеушілігімен түсіндірді. Қазір ол Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр», – деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.
Күдіктіге ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.