08 мау, 2021 сағат 15:42

Алматыда азаматтық некедегі күйеуі әйелін соққыға жыққан


Алматыда азаматтық некедегі күйеуі әйелін аяусыз соққыға жыққан, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, отбасылық зорлық-зомбылық туралы полицияға көршілері хабарлаған. Тұрғындар күйеуі әйелін жиі ұратынын айтқан. Отбасында үш бала бар. 

«1986 жылы туған А. есімді келіншек азаматтық некедегі күйеуінің үстінен арыз жазды. Аталған факті бойынша учаскелік инспектор ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-2 бабы, 1-1 бөлігі бойынша әкімшілік материал жинады және сотқа жіберді», - деп мәлім етті полициядан.

Зардап шеккен әйел, алған жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтайтын сот-медициналық сараптамадан бас тартты.