02 қаз, 2023 сағат 13:44

Алматыда 7 жасар баланың зорлануы. Министрлік мәлімдеме жасады

Фото. jcomp/ Freepik

Оқу-ағарту министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитеті Алматыдағы халықаралық мектепте орын алған жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға Комитет пен құқық қорғау органдарының бақылауында. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы зардап шеккен баланың анасымен және халықаралық мектептің басшылығымен байланыста. Баланың отбасына көмек ұсынылды", - делінген хабарламада.

Комитет БАҚ өкілдерінен жариялаған әрбір ақпаратқа барынша жауапкершілікпен қарауды сұрады.

"Бізге бала туралы деректердің құпиялығын сақтау және оны қоғамда таратпау маңызды. Осылайша қиын жағдайға тап болған бала мен отбасының тыныштығын қамтамасыз ете аламыз", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, оқиға туралы жәбірленуші баланың анасы хабарлаған болатын. Әйел жеті жасар балаға не болғанын егжей-тегжейлі айтып, видео түсірген.