09 там, 2019 сағат 10:35

Алматыда 17 конфессияның 180 діни бірлестігі тіркелген

Алматыда 17 конфессияның 180 діни бірлестігі тіркелген. Діни бірлестіктердің сан алуандығына қарамастан қаладағы діни ахуал тұрақты әрі бақылауда тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Қоғамдық даму басқармасынан мәлім еткендей, Алматыда 17 конфессияның 180 діни бірлестігі жұмыс істеп тұр. 113 діни нысан оның ішінде 50 мешіт, 19 православ шіркеуі, 2 католик шіркеуі, 1 синагога, сондай-ақ Вон-будда конфессиясының - 1, протестант конфессиясының – 34, Иегова куәгерлерінің – 4 және Бахаи қоғамының 1 ғимараты бар.

Десек те, қалада діни наным сенімі қалыптасқан адамдардың басым көпшілігі мұсылмандар мен православты христиандар болып табылады.

Алматыдағы мешіттерге күніне 70 мың адам келеді, православ шіркеулерінде 20 мың адам ғибадат жасайды. Католик шіркеуіне - 500 адам, синагогаларға - 200 адам, будда храмына 100 адамға жуық келеді.

Қалада 4 діни оқу орны ресми жұмыс істеп тұр: «Нұр Мүбәрак» Мысыр ислам мәдениеті университеті, ҚМДБ жанындағы имамдардың біліктілігін арттыру институты, «Абу-Ханифа» колледж-медрессесі, Алматы православ шіркеуінің діни семинариясы тіркелген.

Бүгінде Алатау, Бостандық, Наурызбай, Түрксіб аудандарында бір-бір меешіттен бой көтерді. Аталмыш дін үйлеріне барлығы 10,3 мың адам сияды деп жоспарланған.

Алматы мешіттерінде 208 мың адам қызмет етеді. Қалада 8 намазхана ашылған.

Православ шіркеуіне келушілердің саны Рождество мен Пасха кезінде артады. Ал әдетте православ шіркеулеріне христиандардың 30 пайызы ғана келеді.

Оған қарамастан Түрксіб, Жетісу, Бостандық аудандарында 3 православ шіркеуінің құрылысы басталмақ.

Рим Католик шіркеуінің келушілері Рождество мен Пасхада 400 адамға жетеді.

Бүгінде қалаға әлемнің 21 елінен миссионерлер келген.

«Зайырлы мемлекет қағидаларына сәйкес діни конфессиялардың көптігіне қарамастан Алматыда діни ахуал тұрақты. Бұл саланы қала билігі бақылауда ұстап отыр», - деді қалалық Азаматтық даму басқармасының бас маманы Самат Қабылбеков.