07 жел, 2021 сағат 18:55

Алматыда 1 миллион долларға жуық жалған ақшаны жағып жіберді - видео


Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қалалық департаменті ірі көлемде тәркіленген жалған шетел валютасын жойды. Оған арнайы комиссия өкілдері де қатысты.

Ресми мәліметке сәйкес, жалған ақша 2020 жылдың соңында шұғыл іздестіру кезінде тәркіленген.

Агенттіктің Алматы қалалық департаменті жалған ақшаны анықтау мақсатында шетел валютасын сатып алу шараларын өткізген. Сол кезде қала тұрғыны 293 мың АҚШ долларын айырбастамақ болған. Ол бірден ұсталды.

Тінту барысында заңсыз айналымнан 975 мың жалған доллар тәркіленіп алынды.