23 қыр, 2022 сағат 10:38

Алматы тұрғыны тау өзенінің бір бөлігін заңсыз иемденіп, бетондап алған


Алматының Наурызбай ауданында резонанс тудырған оқиға болды. Жеке үй салу кезінде ер адам бірнеше гектар жер мен тау өзенінің бір бөлігін иемденіп, төрт бау-бақша қауымдастығы тұрғындарына қауіп төндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Өзен қаланың Наурызбай ауданындағы Таужолы ықшамауданынан өтеді. Іле-Алатау ұлттық саябағы аумағына жақын. Бұл жер қауіпті деп саналады: сол маңдағы Ақсай шатқалында күшті сел жүрген болатын. Бірақ бұл үй салып жатқан жергілікті тұрғынды тоқтатпаған. Ол өз учаскесін 8 гектардан 25 гектарға дейін заңсыз кеңейтіп, өзеннің бір бөлігі ауласынан ағып өтетіндей етіп жасаған. Ол арнаны бетондап, шлюз механизмін темірге өткізіп жіберген.

"Ал онда су құбырлары бар - төрт бау-бақша қауымдастығының ауызсуы. Ол кеңес заманынан бері су тасқыны болғанда су ағуын реттейді - қақпалары ашылып, артық суды ағызып жібереді. Қазір қыркүйек, ал наурызда, сәуірде не болады?" – дейді қалалық мәслихат депутаты Сергей Пономарев.

Жаңа қожайын өзеннің бекітілген учаскесін абаттандыру жұмыстарын ешқандай рұқсатсыз жүргізген. Оқиға жұртшылық наразылығын тудырған соң, ер адам бәрін қалпына келтіруге уәде берген.

"Таужолы ықшамауданы аумағында тұрғын үй салынып жатқаны, иесі рұқсатсыз өзен арнасын бұрғаны туралы сигнал түсіп, содан кейін уәкілетті мемлекеттік орган өкілдері бар комиссия оқиға орнына барып, сараптама жүргізді. Геодезистер иесіне жер телімдерінің шекарасын көрсетті. ГАСК өкілдері жер инспекциясы, экология департаменті болды. Осыдан кейін барлық материал шара қолдану үшін уәкілетті мемлекеттік органға жолданды".

Енді үй иесінің жер телімі құжаттары қайта қаралып, заңбұзушыға ірі көлемде айыппұл салынады - дейді телеарна журналисі.