Алматы облысының әкімдігі Шалқар ауылындағы шарап зауытына қатысты жағдайға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
Алматы облысының экологтары Қарасай ауданы тұрғынының өтініші негізінде "Шалқар-17" ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізген.
"Тексеру барысында "Шалқар-17" ЖШС-нің шарап-арақ өнімдерін және алкогольсіз сусындарды дайындау зауыты үшін "Қоршаған ортаға шығарындылардың шекті жол берілетін нормативтері" жобасына мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаты бар екені анықталды.
"Шалқар-17" ЖШС аумағында бөтелкелерді жуу учаскесін қоспағанда, кәріз ағындары төгілетін әжіқұдық бар. Тексеру барысында бөтелкелерді жуғаннан кейін су кәріз құбыры арқылы жуу учаскесінен жинақтаушы тұндырғышқа жіберіледі, одан әрі жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөлінген жер учаскесінің аумағына (ескі сүзу алаңы) төгілетіні анықталды. Осы дерек бөтелкелер жуылған су жергілікті жер бедеріне төгілетінін айқындайды, осылайша ҚР Экологиялық кодексінің 216 және 120, 121-баптары 2-тармағының талаптары бұзылған", - деді әкімдік өкілдері.