Алматы облысында коронавирус инфекциясы анықталған науқас елімізге Меккеден Ыстанбұл арқылы ұшып келген. Бұл туралы облыс әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел мәлім етті.
«Соңғы ақпарат бойынша, коронавирус Талдықорғанда тіркелді деген хабарлама таралып жатыр. Алматы облысында аталған вирус бір адамнан анықталды. Бірақ бұл жағдай Талдықорғанда емес, Қарасай ауданында тіркелді. Қазір 1986 жылғы науқас Қаскелеңдегі инфекциялық ауруханада жатыр. Жағдайы тұрақты. Вирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болғандардың барлығы анықталды. Тиісті шаралар атқарылуда. Ал коронавирус жұқтырған адам біздегі мәлімет бойынша Меккеден Ыстанбұл арқылы ұшып келген», - деді Ғалымұрат Жүкел.