26 қар, 2022 сағат 10:10

Алматы облысында жүргізуші бес оқушыны қағып кетті


Алматы облысында 28 жастағы жүргізуші бес оқушыны қағып кетті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

"25 қазан сағат 19:50 шамасында Lexus көлігінің 28 жастағы жүргізушісі Алматы - Шелек - Қорғас автожолымен шығыс бағытта қозғалып келе жатып, Арман ауылының маңында жаяу жүргіншілерді қағып кеткен", - дейді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Апат салдарынан зардап шеккен кәмелетке толмаған бес бала ауруханаға жатқызылды.

Айта кетейік, жаяу жүргіншілер жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен.

Қазір іс бойынша қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.