Фото: kyn.kz
Алматы облысында оқушы қыз бала туды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 2022 жылдың 18 қарашасында Іле аудандық полиция бөлімшесіне кәмелетке толмаған баланың анасынан қызын зорлаған ер адамға заңды шара қабылдау туралы арыз түскен.
Бұл факт бойынша тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама жасалды.
"Тараптардың дәлелдерін тексеріп, істі дұрыс шешу мақсатында барлық қажетті тергеу әрекеттері жүріп жатыр. Мән-жайды зерттеудің жан-жақтылығына, толықтығына және объективтілігіне мән беріледі", - дейді Алматы облысы полициясының баспасөз қызметі.
Сот молекулалық-генетикалық сараптамаға сәйкес 53 жастағы күдікті 99% баланың әкесі болып шықты. Қазір ол қамауға алынды.