01 мау, 2021 сағат 14:30

Алматы облысында ауыл тұрғынына оқ атып, қашып жүрген жігіт ұсталды


Алматы облысының Шалқар ауылында бір ай бұрын көшеде мылтықпен оқ атып, оқиға орнынан бой тасалап жүрген күдікті ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ол сол күні 62 жастағы ауыл тұрғынын аяғынан жаралаған болатын.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 сәуір күні түнде ол қызын іздеуге шығып, ауылда оқ атқан. 

Оқиға орнында зейнеткер аяғынан ауыр жарақат алып, кейін бір аяғын кестіргені белгілі болды. 

«Оқ атқан Қаскелең қаласының 29 жастағы азаматы болып шықты. ҚР ҚК 99-бабы, яғни адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша іс қозғалып, күдіктіге іздеу жарияланды. 31 мамыр күні әр жерде жасырынып, қашып жүрген күдікті Тұрар ауылында қолға түсіп, қамауға алынды. Сол күні ол өзінің бұл әрекетіне алкогольді ішімдік ішкеннен кейін барғанын мойындаған. Басқа ақпарат ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес жарияланбайды» делінген ведомствоның хабарламасында.