19 қаң, 2022 сағат 19:08

Алматы ломбардтарына келген шығынды өтеу әзірге қаралмайды – әкім орынбасары


Алматыда ломбардтарға келтірілген шығынды өтеу әзірге қарастырылмайды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте кәсіпкер Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде тоналған ломбардтар туралы сұрады. 

Спикердің сөзінше, ломбардтарға келтірілген шығынды өтеу мәселесі қаралды, бірақ әзірге өтеу шарасы қарастырылмайды. 

«Ломбардтарға келетін болсақ, бұл мәселе «Атамекен» базасында да қаралды. Қазіргі уақытта ломбардтарға келген шығынды өтеу шарасы қарастырылып жатқан жоқ», - дейді Ілияс Өсеров.

Айта кетейік, Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде келтірілген шығынның жалпы сомасы 95 млрд теңгеден асады.