видео кадры
Алматы полицейлері дүкендердің бірінде бейтаныс қыздың кеудесінен ұстаған ер адамды анықтады. Ол басқа өңірдің тұрғыны екені белгілі болды.
"Бостандық аудандық Полиция басқармасы мәліметінше, күдіктінің жеке басы анықталды. Ол - Атырау қаласының тұрғыны", - деп түсіндірді Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша материалды өндіру соттың қарауына және одан әрі шешім қабылдау үшін Атырау қаласындағы тұрғылықты жеріне жіберілген.
Қыздың айтуынша, полицейлер оған тәртіпбұзушы Алматыда емес екенін жеткізген.