25 нау, 2020 сағат 11:15

Алматы әкімдігі тұрғындарға дезинфекциядан кейін 5 сағат үйден шықпауға кеңес берді

Бүгін 25 наурыздан бастап Алматы әкімдігі қаладағы тұрғын үйлердің подьездерін дезинфекциялау жұмыстарын бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қалалық тұрғын үй саясаты басқармасы қала жолдарын күніне 2 рет жууды жоспарлап отыр. Ол үшін 90 жуу техникасы, 54 тротуар жинау техникасы, 962 жұмыскер жұмылдырылды. Тағы 112 адам урналар, орындықтар мен аялдамаларды зарарсыздандырумен айналысады», - деп мәлім етті Алматы әкімдігінен. 

Бүгін 25 наурызда таңғы 9-дан 32 бригада подьездерді жууды бастады. 

Барлығы 2868 үйдің 8633 подьезі мен 1441 ауласын зарарсыздандыру жоспарда бар. 

«Жұмыс бастамас бұрын дыбыс зорайтқыш арқылы жарияланады. Өңдеуден соң әр подьезге кезекті өңдеу графигі ілінеді. Бүгін сонымен қатар, Есентай, Үлкен Алматы және Теренкур өзендерінің жағалауы өңделеді», - деді басқармадан.