Фото: Sputnik / Владислав Воднев
Alma TV интернет арқылы хабар тарату кезінде хакерлік шабуыл жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
9 мамырда аналогтық, цифрлық және спутниктік теледидар қызметтері штаттық режимде істеп тұрды. Ал сағат 12:02-де интернет-хабар таратуда үзілістер байқалды.
"Қызмет провайдерінен алынған мәліметтерге сәйкес, сәтсіздікке көп деңгейлі кибершабуыл себеп болды. Компания мамандары оқиғаға жедел әрекет етіп, сервистің жұмысын қалпына келтіру үшін қажетті шараларды қабылдады", - делінген ресми хабарламада.
Қазіргі кезде бұл қызмет толық қалпына келтірілді және штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Ал компания осы оқиғадан туындаған уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап отыр.