04 нау, 2022 сағат 13:17

Әлихан Смайылов Түркияның вице-президенті Фуат Октаймен келіссөз жүргізді


ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Түркия Республикасының вице-президенті Фуат Октаймен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Үкіметтің Telegram парақшасынан белгілі болды. 

Фуат Октаймен кездесу барысында Әлихан Смайылов Түркия Қазақстанның сенімді экономикалық әрі инвестициялық әріптесі екенін атап өтті.

2021 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 33%-ға артып, $4,1 млрд құрады.

Соңғы 15 жылда Түркия ел экономикасына $3,5 млрд инвестиция салды.