13 қаз, 2022 сағат 00:24

Әлихан Смайылов Иран Президентін күтіп алды


Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раиси Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оны Елорда әуежайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.

АӨСШК саммиті Астанада 12-13 қазанда өтеді. Бұл пандемиядан кейінгі кезеңдегі аймақтағы ең ауқымды саяси оқиғалардың бірі болады деп күтілуде. Іс-шараға Әзербайжан, Ирак, Иран, Қазақстан, Катар, Қырғызстан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстан басшылары, Вьетнам вице-президенті және ҚХР Төрағасының орынбасары қатысады. Саммитке АӨСШК-нің бақылаушы мемлекеті болып табылатын Беларусь президенті де қатысады.