25 ақп, 2022 сағат 13:51

Смайылов: ЕАЭО тиімділігіне бағалау жүргізу қажет


Еуразиялық экономикалық одақ тиімділігіне бағалау жүргізу қажет. Бұл туралы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ЕАЭО қызметінің нәтижелеріне жұртшылықтың жіті назарының артуы жағдайында бірлестіктің тиімділігіне, атап айтқанда оның мүшелерінің экономикаларына ықпалына бағалау жүргізу қажет. Нәтижелері қабылданатын құжаттардың санымен емес, нақты, тікелей және есептелінетін көрсеткіштермен өлшенуі тиіс. Қазіргі уақытта комиссия бизнеске арналған шешімдерге жобалардың реттеушілік әсерін бағалау жүргізіп жатыр. Алайда, ол негізінен шешімдердің бизнес конъюктураға әсерін сандық бағалауды қарастырмайды», - деді Үкімет басшысы. 

Осыған орай Әлихан Смайылов комиссияға қабылданатын шешімдердің бизнесті дамытуға ықпалын сандық және сапалық бағалау көрсеткіштерін әзірлеуді ұсынды. Сонымен қатар мұндай көрсеткіш қоғамға атқарылған жүмыстың нақты нәтимжелерін жеткізуге мүмкіндік беретіндігін баса айтты.